Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Асадхуджа Муйдинхужаевқа қарсы жекпе-жектің алдында Асланбек Шымбергеновтің тактикасын қарап алдым. Жекпе-жек барысында бірінші және екінші раундты төрешілер өзбек боксшысына берді. Екінші раундты ұттым деп ойлағам. Бірақ 5:0 деген есепті көргеннен кейін үшінші раундта барымды салуға тура келді. Бірақ ұта алмадым", – деді Ертуған Зейнуллинов.
Сонымен қатар Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатындағы төрешілердің деңгейі туралы да айтты.
"Төрешілер Асадхуджаның атақ-дәрежесіне көп қарады. Ол жақта тәжірибелі төрешілер көп деп айта алмаймын. Бәрі ауылдан келген төрешілер сияқты. Жан-жағымды қымтап, өрісімді тарылтып тастады", – деп түйіндеді боксшы.
Ливерпульдегі әлем чемпионатынан кейін боксшы Ертуған Зейнуллиновке ат мінгізді.