Әлем чемпионатында өзбектен ұтылған қазақ жігітіне ат мінгізді (ВИДЕО)

Әлем чемпионатында өзбектен ұтылған қазақ жігітіне ат мінгізді (ВИДЕО)

фото: olympic.kz. Суретте: Ертуған Зейнуллинов

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Ертуған Зейнуллиновке ат мінгізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Видеодан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Ақжүрек Таңатаровтың боксшы Ертуған Зейнуллиновке ат мінгізіп жатқанын көруге болады.

Жақында Ливерпульдегі әлем чемпионатында сынға түскен Ертуған Зейнуллинов ширек финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен қолғап түйістірген еді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан (5:0)  Асадхуджа Муйдинхуджаевқа берді.

Алайда жекпе-жек барысында Ертуған Зейнуллинов бірінші нөмірде өнер көрсетіп, қарсыласына қыспақ көрсетті. Тіпті екінші раундтың ортасында Асадхуджа Муйдинхуджаев қазақ боксшысын ережеге сай емес тәсілмен ұрып жіберді. Бұл әрекеті үшін боксшыға ескерту берілмеді.