"Реал Мадрид" клубы "Қайратқа" қарсы ойнайтын құрамын жариялады (ФОТО)

"Реал Мадрид" клубы "Қайратқа" қарсы ойнайтын құрамын жариялады (ФОТО)

фото: Burak Akbulut/Anadolu via Getty Images. Суретте: "Реал Мадрид" ойыншылары

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық "Қайратқа" қарсы ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кездесу ертең, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

"Реалдың" құрамы келесідей:

  • Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
  • Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
  • Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
  • Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.