фото: instagram/tulkin_kilichev. Суретте: Тулкин Киличев
Өзбек бокс жұлдыздары – Муроджон Ахмадалиев, Исроил Мадримов және Баходир Джалолов ұлттық құраманың бас бапкері Тулкин Киличевке Mercedes көлігін сыйлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Баходир Джалолов сыйлық табыстау рәсіміне келе алмады. Ол Санкт-Петербургте өтетін IBA 9.Pro турниріне дайындалып жатқандықтан, бапкеріне бейнеқұттықтау жолдады.
Тулкин Киличев 2022 жылдың тамызында Өзбекстанның ұлттық бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылғы әлем чемпионатында және 2024 жылғы Әлем кубогында командалық есепте бірінші орын иеленді. Сондай-ақ, 2024 жылы Париж Олимпиадасында өзбек боксшылары бес алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекорд орнатты.
2024 жылы Азия бокс конфедерациясы Киличевті Азияның үздік бапкері деп таныды. Оның шәкірттерінің қатарында Элнур Абдураимов, Құдратилло Абдукаххаров, Санжар Турсунов және басқа да танымал боксшылар бар.