фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай
Boxrec статистикалық порталы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша үздік әуесқой боксшылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Аса ауыр салмақтағы көшбасшы ауысты. Бұрындары басқа салмақтарда сынға түскен кубалық Хулио Сезар Ла Крус ауыр салмақтағы рейтингте көш бастады. Ол өз мансабында 282 рет жеңіске жетсе, 26 мәрте жеңіліс тапқан. Ал бұдан кейінгі екінші орында қазақ боксшысы Айбек Оралбай тұр. Айбек әуесқой мансабында 70 рет жеңіске жетсе, 8 рет жеңілген. Ал үздік үштікті өзбек боксшысы Жахонгир Закиров тұр (50 жеңіс, 6 жеңіліс).
Айта кетейік, осы айдың басында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында аса ауыр салмақтағы бәсекеде қазақ боксшысы Айбек Оралбай чемпион атанған. Қазақ боксшысы жартылай финалда Хулио Сезар Ла Крусты жеңсе, финалда өзбек Жахонгир Закировты тізе бүктірді.