Қос қазақ баласы гимнастикадан әлем кубогының финалына шықты

Қос қазақ баласы гимнастикадан әлем кубогының финалына шықты

фото: Frank Hammerschmidt/picture alliance via Getty Images. Суретте: Милад Карими

Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының биылғы соңғы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасынан екі спортшы финалға шықты. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими керме жаттығуында үздік нәтиже көрсетіп, ақтық сынға өтті. Ал Дмитрий Патанин бірден екі бағдарламада – қос сырық пен еркін жаттығуда жүлдеге таласпақ.

Еркін жаттығуда жеңімпаздар бүгін анықталады, ал керме мен қос сырықтағы финал жексенбі күні өтеді.

Айта кетейік, Сомбатхейдегі турнирге 38 елден гимнастар қатысуда. Қазақстан сапында Милад Карими, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Роман Маменов өнер көрсетіп жатыр.