Күрес

Тоқаев ХХІ ғасырдағы қазақтың тұңғыш әлем чемпионын ерекше марапаттады

Ахмет Қанатұлы
Тоқаев ХХІ ғасырдағы қазақтың тұңғыш әлем чемпионын ерекше марапаттады
Фото: sportinside.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Загребте өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Құрмет" орденімен марапатталғандар:

  • Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы Айдос Сұлтанғали;
  • сол мекеменің спортшысы Нұрқожа Қайпанов;
  • Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:

  • "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы Асылжан Есенгелді;
  • Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы Юрий Мельниченко марапатталды.

Ахмет Қанатұлы