фото: ашық дереккөзден
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спортшы өз парақшасында Олимпиада чемпионы деген атағы бар түрік қызы, құрбысы Бусеназ Сюрменелиді қарсы алған сәтінен видео жариялады.
"Бусе" келді. Сол трендтен қаламыз ба деп түсірген түрім бар", – деп жазды Назым Қызайбай.
Айта кетейік, World Boxing әлем чемпионатының 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде түрік қызы Бусеназ Сюрменали қазақ боксшысы Аида Әбікееваға сенсациялық түрде жеңіліп қалды. Бұл жайт оның отандастары тарапынан сынға ұшырап, кейін спортшы түрік жанкүйерлеріне түсініктеме беруге мәжбүр болды.