Талғарда әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынып жатыр

Талғарда әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынып жатыр

фото: 24.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданында салынып жатқан "Atletico de Madrid Kazakhstan" футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның іске асу барысымен танысты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Аталған жоба «Ақбұлақ» спорттық кешені базасында жүзеге асырылуда. Бұл — Орталық Азиядағы алғашқы Atletico de Madrid футбол академиясы болмақ. Академия тек жаттығу алаңы ғана емес, жаңа буын футболшыларын тәрбиелеуге арналған толыққанды орталық ретінде дамытылуда. Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезең (2024–2026):

  • Балалар академиясының нысандарын салу.
  • Қазірдің өзінде қонақүй ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр, бір футбол алаңы да толықтай жаңартылуда.
  • Нысанды 2026 жылдың маусым айының соңында іске қосу жоспарланған.
  • Қазіргі уақытта келесі нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар келісілуде:
  • 20 киім ауыстыру бөлмесі бар әкімшілік-тұрмыстық кешен,
  • Медпункттер, тренажер залы, конференц-зал және көрермен аймақтары
  • Қыста жаттығу өткізуге арналған жабық футбол манежі
  • 2 жасанды жабындысы бар ашық алаң,
  • Қақпашыларға арналған жаттығу алаңы
  • Бұрынғы садақ ату ғимаратын заманауи өткізу бекетіне қайта жабдықтау (санитарлық тораптар, күту залы, кафетерий).

Екінші кезең:

  • Кәсіби командаларға арналған инфрақұрылым:
  • 2 табиғи жабындысы бар алаң
  • 1 жасанды алаң
  • Толық жабдықталған әкімшілік кешен

Үшінші кезең:

  • 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделіп отыр.

Атлетико академиясы тек оқу-жаттығу базасы емес, сонымен қатар Қазақстанда футболды жаңа деңгейге көтеретін орталық болмақ. Мұнда жасөспірімдер мен кәсіби футболшыларға арналған заманауи инфрақұрылым қарастырылады. Алматы облысының әкімдігі бұл ірі жобаны барынша инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, рұқсат құжаттарын жедел рәсімдеу және құрылыс процесін үйлестіру арқылы барынша қолдап отыр. Жобаның іске асу барысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.