фото: Orda.kz
Танымал заңгер Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында жаңа видео жариялады.
Ол бұл видеосында Талғардағы көшенің атауын марқұм Шерзат Полаттың атына беру керек екенін айтты.
"Ешкімге жалтақтамай, тәуелсіз мемлекет ретінде өз тұлғаларымызды өзіміз анықтайтын уақыт жеткен шығар енді! Шерзаттың атымен аталмасада, оның оқиғасымен байланыстырып, қандай атауды ұсынар едіңіз? Маған Менделеевтен гөрі, қазағым жақын! Ал сізге ше? Басым тәуекелге тігілгенін сезіп тұрсамда,өзім үшін емес, Қазағымның рухы үшін, болашағы үшін осы бейнені шығарып отырмын! Көбірек таратып қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Қазағымның бірлігі арта берсін!" – деп жазды Мейірман Шекеев.