фото: pixabay.com
Атышулы тележүргізуші әрі режиссер Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы оның жары, RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян хабарлады.
Тигран Кеосаян 59 жасында дүние салды.
"Бүгін түнде Тигран өмірден озды. Біз үшін дұға еткендердің барлығына рақмет. Қазір маған да, отбасымызға да қоңырау шалмауды өтінемін. Барлығыңызға алғыс білдіремін", – деп жазды Симоньян.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Кеосаян комаға түскен болатын.
2022 жылдың сәуірінде ол Қазақстан туралы мәлімдеме жасап, қоғамда үлкен резонанс туғызған еді. ҚР Сыртқы істер министрлігі оның сөздеріне назар аударып, мұндай пікірлер екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарға зиян келтіретінін мәлімдеген. Кейін ресейлік тележүргізушіге Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынды.