фото: KazChess
19 жастағы Ксения Балабаева Лимада (Перу) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапид бойынша әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Турнир 23-25 қыркүйек аралығында швейцариялық жүйе бойынша 9-турда, 15+10 уақыт бақылауы бойынша өтті.
Ксения Балабаева жарысты 7 ұпаймен аяқтады. Соңғы күні ол Умида Омонованы жеңіп, Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең түсті. Бұл нәтижелер қазақ спортшысына уақытынан бұрын-ақ чемпиондық атақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жүлдегерлер үштігіне сондай-ақ Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамова (6,5 ұпай) және FIDE атынан өнер көрсеткен Варвара Полякова (6,5) енді. Қазақстандық шахматшылардың арасында Амина Қайырбекова 6 ұпай жинап 7-орынға, ал Лия Құрманғалиева 5 ұпаймен 12-орынға табан тіреді.
Жасөспірімдер арасында 16 жастағы өзбекстандық Мұхаммадзохид Суёров 7,5 ұпаймен чемпион атанды.
Блиц бойынша сайыс 27-28 қыркүйекте өтеді.