Сүйінші, ағайын! Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен көлік кілті табысталды (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен көлік кілті табысталды (ВИДЕО)

фото: facebook.com/qyzylorda.press. Суретте: Айдос Сұлтанғали

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында (Загреб, Хорватия) Қазақстанға тарихи алтын жүлдені әкелген Айдос Сұлтанғали бағалы сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Чемпион мен оның бапкері Ғабиден Райымбек Қызылорда облысының әкімімен кездесті. Бұл жиында әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен автокөліктің кілті табыс етілді. Ал оның бапкеріне пәтер сыйға берілді.

Әлем чемпионатының 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Айдос Сұлтанғали өзбекстандық Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен айқын жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын" медаль салды.

Айта кетейік, қазақстандық грек-рим балуандарының әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі 26 жыл бұрын тіркелген. 1999 жылы Афиныда өткен біріншілікте Мхитар Манукян (63 кг) әлем чемпионы атанған еді.