фото: vm / Getty Images
Алматылық "Қайраттың" бапкері Рафаэль Уразбахтин Темірлан Анарбеков жарақат алғаннан кейін "Реалға" қарсы ойында қақпаға кім тұратынын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бапкердің сөзінше, Анарбеков ауруханадан шығып, қазір команда базасына келіп жүр.
"Ол командамен бірге жаттығып жүр. Мұндағы ең бастысы – оған қойылған титан пластиналардың дұрыс орнығуы. Жалпы, дәрігердің айтуынша, реабилитациясы жақсы өтіп жатыр. Бірақ бізде тағы қақпашылар бар екенін ұмытпаңыздар. Александр Заруцкий бар. Ол да бірнеше күннен кейін жаттығуға қосылады. Демек, жақын арада оған да сенім арта аламыз. Ал әзірге негізгі қақпашымыз – Шерхан Қалмұрза. Сонымен қатар бізде құрамда жас ойыншылар да бар. Сондықтан бір-екі апта ішінде барлық қақпашыларымызға толықтай сүйене аламыз деп ойлаймын", – деді Уразбахтин.
Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лиагасының 2-турында "Қайрат" клубы өз алаңында "Реал Мадридті" қабылдайды.