фото: olamsport.com. Суретте: Тулкин Киличев
Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Төрехан Сабырханның шеберлігі мен болашағы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Төрехан өте дарынды жігіт. Болашағы бар. Көп нәрсе оның барлық нәрсеге қалай қарайтынына байланысты болады. Бокс дамып келеді, дамуды тоқтатпайды. Жас спортшылар үнемі өздерін жетілдіруі керек, бапкерлерімен бірге жұмыс істеуі қажет. Менің ойымша, Төреханның жұлдызға айналу мүмкіндігі мен перспективасы бар", – деді маман.
Айта кетейік, Ливерпульдегі әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медаль жеңіп алған.