"Боксты ұятқа қалдырдыңдар": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға сес көрсетті

"Боксты ұятқа қалдырдыңдар": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға сес көрсетті

фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында қазіргі чемпиондарды жекпе-жекке шақырып, үлкен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Чемпиондар, мен сендерді қуатындай уақытым жоқ. Сендер боксты масқаралап жатырсыңдар! Егер айқасқа шығуға келіспесеңдер, онда неге белбеуді ұстап отырсыңдар? Бұлай қиын болады деп ойламап едім!" – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Кейінірек ол тағы бір жазба жариялап, америкалық боксшы Терренс Кроуфордпен кездесуге ниетті екенін білдірді.

"Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке шығуға келіссе, мен үлкен қуанышпен рингке шығар едім. Біздің айқас әрбір жанкүйерді толқытып, бір сәтін де қалт жібермей көргісі келетіндей әсерлі болар еді", – деді қазақ боксшысы.