Футбол жанкүйері өз атын қазақша жазғаны үшін "Қайрат" – "Реал" матчына билет ала алмай қалды (ВИДЕО)

Футбол жанкүйері өз атын қазақша жазғаны үшін "Қайрат" – "Реал" матчына билет ала алмай қалды (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы

Нұртөре Әбдіқалық есімді футбол жанкүйері "Қайрат" – "Реал" матчына қызық жағдайда билет ала алмай қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Футбол жанкүйерінің айтуынша, ол өз аты-жөнін қазақша жазғаны үшін билет ала алмай қалды.

"Сөйтсем, аты-жөніңді орысша жазу керек екен! Неге орысша? Неге қазақ тіліне барлық артықшылықты бермейді? Бірінші орынға қазақ тілін қою керек қой! Болмаса қателігін шығармай ма, (пароль ойластырғанда 1 символ, 1 сан керек деп айтады ғой). Әншейін де аты-жөніңнен бір әріп қате кетсе, еш жерде өткізбейді. Ал мұнда... Сөз жоқ. Жылағым келіп тұр, өз кесірімнен бәрі. 2 билет қолымда тұр еді ғой, қалайша шығып кеттім", – деді футбол жанкүйері.