фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов
UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жаттығуға қайта кірісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарақатынан айығып жүрген қазақ жауынгерінің командасы спортшының жаттығу сәтінен бейнежазба жариялады.
"Жеңіс – күнделікті еңбектің, тынымсыз жаттығудың жемісі. Ол оңайлықпен келмейді – тәртіп, сансыз жарақаттар. Басқа біреу менің орнымда болса, мүмкін, сынып қалар еді. Бұл жол – чемпиондарға ғана арналған. Барымды саламын", – деді Шавкат Рахмонов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткізіп, онда ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.