Қаралы хабар жетті: Танымал футбол ардагері көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар жетті: Танымал футбол ардагері көз жұмды (ФОТО)

фото: pixabay.com

Бүгін Минск қаласында 59 жасында қазақ футболының ардагері Біржан Бакизов дүниеден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Біржан Бакизов – алматылық футболдың ардагері. Ол футзал жаттықтырушысы, Жоғары лига клубы "Ансардың" басшысы болған. Сондай-ақ Ұлттық футбол лигасында қызмет атқарып, үлкен футболдың Бірінші лигасын ұйымдастыруға жауапты болды. Көп жыл бойы Қазақстан Республикасының футзал чемпионаты мен кубогында ҚФФ инспекторы қызметін атқарған.

Біржан Бакизов бауыр циррозына байланысты ем қабылдап жүрген Минск қаласында өмірден озды.