Әлем алпауыттары қазақ боксшыларының сұлулығына таңдай қақты (ФОТО)

Әлем алпауыттары қазақ боксшыларының сұлулығына таңдай қақты (ФОТО)

фото: sportinside.kz коллажы

World Boxing баспасөз қызметі қазақ боксшы қыздарының ерекше образдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Сіздер бұрын-соңды боксшыларды осындай ғажайып кейіпте көрдіңіздер ме? Әлем чемпиондары Алуа Балқыбекова мен Виктория Богданова, сондай-ақ қола жүлдегер Виктория Графеева Ливерпульде Қазақстан құрамасының жетістіктеріне арналған гала-кешке ерекше образда шықты. Рингте де, рингтен тыс та – қандай керемет тұлғалар!" – делінген ұйымның Instagram парақшасында.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізген алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Команданың қоржынында – жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль бар.