"Құдағидан гөрі жақын құрбыдаймыз": Шерхан Қалмұрзаның анасы құпиясын ашып қойды

"Құдағидан гөрі жақын құрбыдаймыз": Шерхан Қалмұрзаның анасы құпиясын ашып қойды

фото: ашық дереккөзден

"Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сәуле Рабаева жеке өміріне қатысты ерекше жайтты айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

1bol.kz сайтына берген сұқбатында Сәуле Рабаева ұлының сүйіктісі туралы айтты. Ол қазақ футболының ардагері Самат Смақовтың қызы.

– Әлеуметтік желіден бойжеткеннің Самат Смақовтың қызы екенін білдік...
– Иә, сөйте тұра өте қарапайым, тәрбиелі қыз, отбасымызбен етене араласып кеттік. Шерханның алғашқы қадамдарында қасында болып, демеу берді. Автобуспен, метромен жүрген кездерінде де жанынан табылды. Сондықтан мен оны қатты сыйлаймын. Жақсы араласамыз, анасымен құдағидан гөрі жақын құрбыдай болып кеттік.