"Аяғымнан шалып жатыр": Тұрсынбек Қабатов ел естімеген шындықты паш етті

"Аяғымнан шалып жатыр": Тұрсынбек Қабатов ел естімеген шындықты паш етті

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде тараған «полиция рейді кезінде ұсталды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ол бұл жайында өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Қабатовтың сөзінше, айтылған деректер шындыққа жанаспайды.

"Кейбір сайттарда менің массажға барып, полиция рейді кезінде ұсталғаным туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – өтірік ақпарат. Сенбеулеріңізді сұраймын. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Бұл концерт берер алдында, менің аяғымнан біреулердің шалып жатқаны болуы керек", – деді ол.

Сонымен қатар, әзілкеш "Манхэттен" аталған орынның қайда екенін де білмейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қабатовтың Алматыдағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде жеңіл жүрісті қыздарға барған кезде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Admin
Admin
Автор