фото: ашық дереккөзден
Елордалық "Жеңіс" клубының футболшысы Виктория Қайсаринова жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Виктория Қайсаринова небәрі 19 жаста еді. Виктория қорғаныс шебінде ойнап, осы маусымда 17 матчқа қатысып үлгерді, оның ішінде 14 ойында негізгі құрамда шыққан.
"Жеңіс" клубының хабарламасында айтылғандай, Виктория отырған көлік Павлодар – Астана трассасында жүк көлігімен соқтығысқан.
"Бұған сену өте қиын. Бұл – біздің клуб үшін орны толмас қаза әрі ауыр қайғы. Виктория жарқын спортшы әрі нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туған-туыстарымен бірге қайғырамыз. Ол жүрегімізде мәңгі қалады", – делінген ресми хабарламада.
Виктория соңғы ойынын 8 қыркүйекте "Астанаға" қарсы дербиде өткізіп, қолынан ауыр жарақат алуына байланысты 30-шы минутта алаңнан кеткен еді.