"Қу жанын сүйреп жүргенін көріп қынжылдым": Жүрсін Ерманның түр-келбеті шошытты (ВИДЕО)

"Қу жанын сүйреп жүргенін көріп қынжылдым": Жүрсін Ерманның түр-келбеті шошытты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Желіде Торғайда өткен айтыстан түрлі бейнежазбалар тарады. TikTok қолданушыларының бірі аңыз айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның шараға төреші ретінде келгенін атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.

"Дара тұлға Жүрсін Ерман қу жанын сүйреп, Торғай жерінде өткелі тұрған айтысқа төрешілік етуге табанын тіреді. Нағыз айтыс болатынын осы кісіні көргенде бірден сезіндім. Қазақ айтысының жанашыры әрі қалаушысы. Алла ағамызға күш-қуат берсін. Бала күнімде теледидардан көріп, тыңдаушы едім. Жақыннан көріп мәз болдым, бірақ осындай хәлде көргенім қынжылтты", – деп жазды желі қолданушысы.

Кадрды көрген көпшілік Жүрсін Ерманның денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

Айта кетейік, аталған айтыс Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Торғай өңірінде өткен еді.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.