"Білгенін істеп жатыр, құрбан бола береді" – Заңгер шырылдап шындықты айтты (ВИДЕО)

"Білгенін істеп жатыр, құрбан бола береді" – Заңгер шырылдап шындықты айтты (ВИДЕО)

фото: Ulysmedia.kz

Марқұм Шерзат Полаттың ісінде аты танылған заңгер Мейірман Шекеев желіде жаңа видео жариялады.

"Халықтың мұңына құлақ асатын депутаттар, Ардақ Назаров, бар ма? Әлде өз өмірлеріңізге өздеріңіз мәз болып жүре бересіздер ме? Мен кооператив заңына өзгеріс енгізбесе, халық алаяқтардың құрбаны бола береді деп бірнеше жыл бойы қақсап келемін. Билік үнсіз отыра берсе, кооперативке алданғандардың саны 200-250 мың адамға жетуі мүмкін. Ол кезде қиын болуы мүмкін. Қазіргі Заң бойынша кооперативтің ішкі жұмысына мемлекет араласа алмайды. Соны пайдаланған кооператив төрағалары білгенін істеп жатыр. Нәтижесінде төрағаны кейін қамап тастасада, халықтың проблемасы шешілмейді", – деді Мейірман Шекеев.

Admin
Admin
Автор