Өзбектен ұтылған Нұрбек Оралбайдың жеңілісінің себебі белгілі болды

Өзбектен ұтылған Нұрбек Оралбайдың жеңілісінің себебі белгілі болды

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов Sports.kz порталына берген сұқбатында Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы Нұрбек Оралбайдың жеңілісіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Нұрбек Оралбайдың жеңілісінің нақты себебін айта алмаймын. Оның жарақаттары болған, солардан толық айығып үлгермеген дейді. Осы әлем чемпионатынан кейін ол жаңа күш алып, тың серпіліс жасайды деп үміттенемін. Өйткені оның бауыры чемпион атанды. Бұл Нұрбекке үлкен мотивация болады. Алдағы уақытта ол әлі талай жақсы нәтижелер көрсететініне сенімдімін", – деді маман.

Айта кетейік, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін болған жекпе-жекте Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жавохир Умматалиевке қазылардың шешімімен есе жіберді.

Еске сала кетсек, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.