Сүйінші, ағайын! Ағайынды Сабырхандарға темір тұлпар табыс етілді (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Ағайынды Сабырхандарға темір тұлпар табыс етілді (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионы атанған ағайынды Сабырхандарға көлік кілттері табысталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл туралы Махмұд Сабырхан Instagram желісіндегі сторисінде арнайы суреттер жариялады. Бұл суреттерден інісі Төрехан екеуіне Шымкент қаласы әкімдігі автокөлік сыйлағанын көруге болады.

Еске сала кетейік, жақында Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ағайынды Сабырхандар жеңімпаз атанған еді. Ағасы Махмұд Сабырхан 55 кг салмақта үздік атанса, інісі Төрехан Сабырхан 70 кг салмақта топ жарды.