16 жастағы қазақ қызы әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңіп, алтын алды

16 жастағы қазақ қызы әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңіп, алтын алды

фото: Alash.kz коллажы

16 жастағы қазақстандық спортшы Ұлболсын Елмұрат армрестлингтен тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жас спортшы 60 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасындағы бәсекеде үздік шығып, отандық спорт тарихына есімін жазды. Финалдық кездесуде ол 13 дүркін әлем чемпионы, Словакиялық Лусия Дебранованы сенімді түрде ұтып, үлкен сенсация жасады.

Бұл жеңіс әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, спорт жанкүйерлері Ұлболсынның қайсарлығы мен жігеріне жоғары баға беріп жатыр.

Көпшілік пікірінде: "Айналайын, мықты қыз! Жеңісті бола бер!", "Жылаған сәтін көріп, өзім де толқып кеттім", "Нар қыз екен, нағыз қазағымның қайсар ұрпағы!" деген жылы лебіздер жазылуда.

Жас армрестлингшінің жетістігі еліміздегі бұл спорт түрінің даму қарқынын және жас буынның әлеуетін айқын көрсетіп отыр.