«Екі ғашық» СИЗО-да: Ілияс Сариевпен көңіл қосқан Ақтоты Дүйсеева тергеу изоляторына қамалды

«Екі ғашық» СИЗО-да: Ілияс Сариевпен көңіл қосқан Ақтоты Дүйсеева тергеу изоляторына қамалды

фото: Видеодан скриншот

Қазақстан қоғамында қызу талқыланған «Ілияс пен Ақтоты» ісі жаңа кезеңге өтті. Белгілі журналист Руслан Өтепбай өз Instagram парақшасында Ақтоты Дүйсееваның сот шешімімен екі айға СИЗО-ға қамалғанын хабарлады.

Тергеу амалдары кезінде бостандық жоқ

Журналистің мәліметінше, судья Искакбаева Ақтоты Болатқызы Дүйсееваға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын бекіткен. Бұл – тергеу кезінде Ақтотының бостандықта жүрмейтінін және сот процесін тергеу изоляторында (СИЗО) күтетінін білдіреді.

«СИЗО-да екі ғашық отыр. Ал халықтың ақшасы қайда? Мұны құзырлы органдар анықтайды», – дейді Руслан Өтепбай.

«Ілияс пен Ақтоты» ісі сотқа жолданбақ

Журналист бұл істі соңғы үш ай бойы жіті бақылауда ұстап келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсеева арасындағы қарым-қатынастың көлеңкесінде мемлекеттік қаржыға қатысты ірі күмәнді жағдайлар жатыр.

«Жақын күндері іс сотқа өтеді. Тың дерек шықса, міндетті түрде бөлісем», – деді Өтепбай.