Өзбектер озып кетті: Қазақ балуандары әлем чемпионатын қалай аяқтады?

Өзбектер озып кетті: Қазақ балуандары әлем чемпионатын қалай аяқтады?

фото: uww.org. Суретте: Айдос Сұлтанғали

Грек-рим күресінен Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы үздік үштікке ене алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерлер құрамасының нәтижелері төмендегідей:

  • 55 кг – Марлан Мұқашев бірінші белдесуде жеңілді;
  • 60 кг – Айдос Сұлтанғали алтын медаль иеленді;
  • 63 кг – Ержет Жарлықасын ширек финалда және жұбаныш белдесуінде ұтылды;
  • 67 кг – Дінмұхаммед Қошқар алғашқы белдесуде жеңілді;
  • 72 кг – Мерей Маулетқанов қола медаль үшін күресте қарсыласына жол берді;
  • 77 кг – Демеу Жадыраев та қола үшін белдесуде жеңілді;
  • 82 кг – Әлмир Төлебаев 1/8 финалда ұтылды;
  • 87 кг – Ислам Евлоев қола медальдан құр қалды;
  • 97 кг – Рахат Бержанов алғашқы белдесуде жеңілді;
  • 130 кг – Әлімхан Сыздықов та бірінші белдесуде ұтылды.

Жалпы командалық есепте қазақстандықтар 57 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады.

Үздік үштік:

  • Иран – 180 ұпай
  • Әзербайжан – 89 ұпай
  • Өзбекстан – 72 ұпай