Қалдыбек Құрманәлі әнші Мәдина Ералиева ұлын кімнен туғанын айтты

Қалдыбек Құрманәлі әнші Мәдина Ералиева ұлын кімнен туғанын айтты

фото: ашық дереккөзден

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі «Астарлы ақиқат» бағдарламасында марқұм Мәдина Ералиеваны еске алып, оның өміріне қатысты көпшілікке беймәлім деректерді бөлісті.

Сазгердің айтуынша, өнер иесінің Болат Атабаевпен қарым-қатынасы және олардың ұлы Арсен жайлы шындық ұзақ жылдар бойы жасырылып келген.

«Мәдина Арсенді күлге аунап туған жоқ. Болат Атабаев – баласының биологиялық әкесі. Арсенді бәрі Мәдинаның баласы дейді, олай емес. Ол – Болат Атабаевтың баласы. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны әпке дейтінмін. Болат – үлкен аңызға айналған тұлға, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем», – дейді Құрманәлі.

Сонымен қатар сазгер Болат Атабаев пен ұлын қалай табыстырғанын да баяндап берді.

«Бірде Мәдина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын «өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар» дедім. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, «ата» деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, «Әлішер, міне, атаң» деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Сондықтан Арсенді айтқанда, анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл – тектінің ұрпағы», – деді Құрманәлі.

Admin
Admin
Автор