фото: ашық дереккөзден
Бүгін, 22 қыркүйекте, "Алтын доп-2025" футбол сыйлығын табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
France Football журналы ұйымдастыратын беделді шара Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Марапаттау барысында жылдың ең үздік футболшылары ғана емес, басқа да жүлделер табысталады:
- Пушкаш сыйлығы (ең әдемі гол авторына);
- Яшин сыйлығы (үздік қақпашыға);
- Мюллер сыйлығы (үздік шабуылшыға);
- Копа сыйлығы (жас талантқа);
- Сократес сыйлығы (қоғамдық қызметі үшін);
- сондай-ақ ерлер және әйелдер командаларының үздік жаттықтырушылары жарияланады.
Еске сала кетсек, өткен жылы "Алтын доптың" иегері "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы, Еуропа чемпионы Родри атанған еді.