Грек-рим күресінен Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Ислам Евлоев Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионатының жұбаныш белдесуіне шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде ИсламЕвлоев америкалық Пейтон Джейкобсонды 5:1 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық балуан қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал Джейкобсон әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Исам Евлоев турнир барысында грузиялық Лаша Гобадзені және армениялық Виген Назарянды жеңіп, ширек финалда сербиялық Александр Комаровқа есе жіберген болатын.