"Артымнан жүгіргендер көп болды": Олимпиада жүлдегері күйеуі туралы шындықты айтты

"Артымнан жүгіргендер көп болды": Олимпиада жүлдегері күйеуі туралы шындықты айтты

фото: instagram.com/rafael_minnebaev

Екі дүркін Олимпиада жүлдегері әрі үш мәрте әлем чемпионы атанған қырғыз қызы Айсұлу Тыныбекова күйеуінің жүрегін қалай жаулап алғанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшының сөзінше, олардың үйлену тойы қаңтар айында өтті, ал ресми неке қию рәсімі 2024 жылдың желтоқсанында болған.

Тыныбекованың жұбайы Бақберген Абдимиталипов бұған дейін грек-рим күресімен айналысып, Қырғызстан құрамасы атынан сынға түскен.

"Маған қол жеткізе алғаны өте маңызды. Артымнан жүгіргендер көп болды, бірақ ол өзін ең жақсы жағынан көрсетті. Ер адам еңбектенуі керек, ал маған қамқорлық жасаған ұнайды. Ол өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін көрсете білді де, жүрегімді жаулап алды. Ақырында, өмірдің өзі – күрес қой", – деді Айсұлу Тыныбекова.