фото: kff.kz. Суретте: Дамир Қасаболат пен қалыңдығы
"Қайрат" клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболат шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
"Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын!" – делінген ҚФФ-ның құттықтауында.
Айта кетейік, Дамир Қасаболат сүйіктісі Айнұрға 2023 жылы Эйфель мұнарасы маңында ұсыныс жасаған болатын.