фото: ашық дереккөзден
Айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан Досбосынов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
"Болашақтағы өзіме: Есіңде болсын, сен бұл жолға жайдан-жай түскен жоқсың. Әрбір қадамың – өзің қойған мақсаттарға қарай жасалған нақты бір саты. Қиын сәттер болады, күмәнданатын күндер де табылады. Бірақ сенің жүрегіңде нық сенім бар – сен қолыңнан келетініне сендің, соған сай әрекет етіп келесің. Қазір сен – сол жолдың үстіндесің. Алға! Тоқтама! Артыңа қарауға себеп жоқ, өйткені ең жақсысы – алда! Бұл – тек бастамасы ғана. Тек алға!" – деп жазды Нұрсұлтан Досбосынов.