Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов Бішкекте шаршы алаңға шығады

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов Бішкекте шаршы алаңға шығады

фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов 25 қазанда Бішкекте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бибосынов бұл жолы кәсіпқой рингке екінші мәрте көтеріледі. Оның алғашқы жекпе-жегі филиппиндік Кристиан Леганға қарсы өтіп, қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді. Осыдан кейін спорт сарапшылары Сәкеннің әуесқой боксты тастап, толыққанды кәсіпқой карьераға ауысуы мүмкін деген пікір білдірген. Дегенмен, спортшы әзірге бұл жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал Хасанбой Дусматов кәсіпқой бокста сегіз кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Қазіргі уақытта қос боксшының да қарсыластары анықталған жоқ. Ұйымдастырушылар олардың есімдерін алдағы апталарда жариялайтынын мәлімдеді.