фото: ҰОК. Суретте: Ислам Евлоев
Бүгін, 20 қыркүйекте Загребте (Хорватия) грек-рим күресінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлемдік додада Қазақстан құрамасынан екі балуан ширек финалға жолдама алды.
87 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев 1/8 финалда армениялық Виген Назарянды 3:1 есебімен жеңді.
Ал 63 келіде Ержет Жарлықасын Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 4:3 есебімен ұтып, ширек финалда бақ сынайтын болды.