"Келіншегінің арқасында жеңді": Қазақ балуанының әжесі ел естімеген шындықты айтты

"Келіншегінің арқасында жеңді": Қазақ балуанының әжесі ел естімеген шындықты айтты

фото: uww.org. Суретте: Асылжан Есенгелді

Еркін күрестен әлем чемпионатының қола медалін жеңген Асылжан Есенгелдінің әжесі ел естімеген әңгімені айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Асылжан Есенгелді (-60 кг) жақында Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

"Үйленгеніне 1 ай болған еді. Келіншегін тастап, медаль әкеп отыр. Ол да бір қуаныш. Келінге "сенің де арқаң, біздің де арқамыз" деп айтамын", – деді балуанның әжесі.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.