"Кісі өлтірушілерді бұзақыға айналды": белгілі заңгер Шерзат ісі бойынша Айтбек Амангелдіні сынады

"Кісі өлтірушілерді бұзақыға айналды": белгілі заңгер Шерзат ісі бойынша Айтбек Амангелдіні сынады

фото: stan.kz

Белгілі қазақстандық заңгер Жохар Өтебеков Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты тергеу кезінде ауыр қылмыс бабынан жеңіл «бұзақылық» бабына ауысу фактісі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Stan.kz хабарлады.

Ауыр қылмыс неге жеңілдеп кетті?

Жохар Өтебековтің жазуынша, тергеудің бастапқы кезеңінде күдіктілерге «топтық адам өлтіру» бабы тағылған. Алайда уақыт өте келе бұл бап «бұзақылық» бабына өзгеріп кеткен.

“Айтбек келгенге дейін Шерзатқа шабуыл жасағандардың барлығы топтық кісі өлтіруші ретінде танылды. Ал Айтбек келгеннен кейін олар “бұзақы” болып шықты”, — деп жазды Өтебеков.

Қорғаушылар ауысты, іс те өзгерді

Тергеу басталған сәтте марқұм Шерзат Полаттың мүддесін қорғауға қоғам белсендісі Айтбек Амангелді тартқан адвокаттар кіріскен. Олардың қатарында:

Асылбек Абдраимов

Ерлан Адаев

Саида Тәукелова

Карина Көшербаева

Марал Жайлаубаева

Алайда марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен қорғаушылар арасында түсініспеушілік туындап, сенімхаттар қайтарылып, адвокаттар ауыстырылды.

Қоғамдық пікір: “Қылмыс жеңілдетілді ме?”

Желіде көпшілік бұл іс бойынша кейбір сотталғандар ауыр жазадан құтылып кетті деп пікір білдірді. Себебі тоғыз айыпталушының жетеуі тек «бұзақылық» бабы бойынша ғана жауапқа тартылған.

Адвокаттар сұхбат берді, Жохар Өтебеков мәлімдеме жасады

Адвокаттар мен Айтбек Амангелді журналист Назымгүл Құмыспаеваға сұхбат берді. Бұл сұхбатты көргеннен кейін Жохар Өтебеков:

“Мен сот басталған алғашқы күннен-ақ істің тергеу кезеңінде құрдымға кеткенін түсіндім. Енді кімнің, қай мүдде үшін әрекет еткенін де білемін…” — деп жазды.

Қаржаубай Нұрымовқа “екі ай бойы хабарласа алмаған”

Өтебековтің айтуынша, тергеу сатысында негізгі шешімдер қабылданған кезде марқұмның туыстарына ештеңе хабарланбаған. “Қаржаубайды екі ай бойы таба алмадық” деген сылтаумен басты тарап сыртта қалған.