фото: stan.kz
Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында отбасы, шығармашылық жолы және кино саласындағы жаңа бастамалары жайлы ашық айтты.
Соңғы уақытта ол тыңдармандарын хит әндерімен қуантса, бейнебаяндарындағы қаралымдар да миллионнан асып үлгерген. Бұрынғыдай бар уақытын жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығына емес, қазір жеке дамуына арнап жүр. Бұған дейінгі сұхбаттарында Мөлдір анасының өнер адамы екенін, алайда өз бойындағы әншілік қабілетін мойындай бермейтінін айтқан еді. Ол мұның себебін де түсіндірді.
“Мен ән айтып бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ, ән айтпашы” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді. Күйеуімнен көмек сұрап, қолдау күткенмін. Ел алдында жүрген соң дауыс қою, сөздің анық шығуы деген секілді маңызды заттарды үйретуін сұрадым. Қолыңнан келмейді деп ашық айтатын. Солай басылып қалдым”, - деп көзіне жас алды Мөлдір.