"Жүрегім бос емес": Жас талант Төрехан Сабырхан жеке өмірі туралы айтты

"Жүрегім бос емес": Жас талант Төрехан Сабырхан жеке өмірі туралы айтты

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан "1001 түн" бағдарламасында көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Төрехан Сабырхан бағдарлама барысында өзінің жеке өміріне қатысты қойылған сұраққа жауап берді. "Жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа ол:

"Жоқ, бос емес. Менің ұнатып жүрген қызым бар", – деп тіл қатты.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында төрт рет чемпион атанған алғашқы боксшы. 2024 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің ең техникалық боксшысы атағын иеленді.