фото: olympic.kz. Суретте: Айдос Сұлтанғали
Бүгін, 20 қыркүйекте Загребте (Хорватия) өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесу өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алтын үшін таласта қазақ балуаны Айдос Сұлтанғали өзбекстандық Алишер Ганиевпен күш сынасады. Тікелей көрсетілім "Qazsport" арнасында сағат 21:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) басталады.
Финалға дейін Айдос Сұлтанғали америкалық Максвелл Хоппер Блэкті, израильдік Мелкаму Фетенені, Солтүстік Корея спортшысы Се Ун Риді және грузин балуаны Амиран Шавадзені жеңді. Ал Алишер Ганиев армян Грачья Погосянды, әзербайжандық Нихат Захид Маммадлиді және сербиялық Георгий Тибиловты тізе бүктірді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Халықаралық күрес ұйымының (UWW) рейтингінде өз салмағында тіркелмеген. Ал Ганиев әлемдік рейтингте оныншы орында тұр.