Демеу Жадыраев әлем чемпионатындағы ақтық айқасын өткізеді

Демеу Жадыраев әлем чемпионатындағы ақтық айқасын өткізеді

фото: ҰОК. Суретте: Демеу Жадыраев

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ол 26 жастағы украиналық Игорь Бычковпен айқаста 3:1 есебімен жеңіске жетіп, енді түнде әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі. Оның қарсыласы – венгриялық Роберт Фрич.

Еске сала кетейік, бұл венгриялық балуанды Демеу Жадыраев тамыз айында Дортмундта өткен Гран-при финалында (7:2) ойсырата ұтқан болатын.

Бұл әлем чемпионатында Демеу Жадыраев финляндиялық Джонни Куннари Саркине (5:2) мен сербиялық Алекс Иличті (8:6) жеңген соң, ширек финалда ұтылып қалды. Ол бұл кезеңде Олимпиада чемпионы жапониялық Нао Кусакиден қарымта қайтара алмады.