фото: ашық дереккөзден
Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктория Графеева Ливерпульде өткен турнир барысында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қолдауы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Геннадий Головкин жекпе-жектерімнен кейін мені қолдады, оның қатысуы үлкен рөл атқарды. Тіпті раундтар арасында оны көріп отырдым – ол алыстан маған ақыл-кеңесін айтып жатқандай сезілді. Өзі осының бәрінен өткен адамның кеңесін тыңдамау мүмкін емес. Бұл жай ғана сырттағы біреу емес, өз ісінің нағыз шебері екенін түсінесің. Оның ақыл-кеңестері мен үшін ерекше бағалы болды, турнир барысында қолдауын сезінгеніме қатты қуандым", – деді Виктория Графеева.
Еске салайық, жартылай финалда қазақстандық боксшы Виктория Графеева бразилиялық Ребека Сантосқа есе жіберді.