фото: Cooper Neill/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды. Жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Камару Усман Шавкат пен америкалық Шон Брэдидің жекпе-жегін бүкіл дивизиондағы ең қызықты және көптен күтілетін айқас деп атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
UFC жанкүйерлері арасында үлкен беделге ие Камару Усман соңғы баспасөз мәслихатында Шавкат Рахмонов пен Шон Брэдидің айқасын "міндетті түрде өтуі тиіс кездесу" деп атап өтті.
«Шон Брэди мен Шавкат Рахмонов – бұл жұпты көруді бәрі қалайды», – деді Усман.
Камару Усман UFC-дегі басқа да ықтимал жекпе-жектерді атап өтті:
- Хоакин Бакли – Иэн Гарри немесе Карлос Пратес
- Камару Усман – Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек жеңімпазына қарсы
Бұл тізімде Шавкат Рахмонов пен Шон Брэдидің текетіресі ерекше аталды. Себебі екеуі де жеңіліссіз файтерлер қатарында және UFC рейтингтерінде жоғары орын алады.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты біраз уақыт жекпе-жектерден тыс қалып еді. Алайда қазір ол толық жаттығу режиміне қайта оралды және келесі айқасқа тыңғылықты дайындық үстінде.