"Тиктокер болып кетті": Санжар Тәшкенбай өзіне айтылған сынға жауап берді

"Тиктокер болып кетті": Санжар Тәшкенбай өзіне айтылған сынға жауап берді

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай өзіне қатысты айтылған сынды қабылдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

2023 жылы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай 19 жасында топ жарған еді. Міне, осы бір тарихи жеңістен кейін оны көпшілік "тиктокер болып кетті", "жаттығуды тастады" деп сын-пікірлерін айтқан еді. 

"Барлық жерде сын болады. Ел алдында, үлкен аренада жүрген соң, біреуге ұнайсың, біреуге ұнамайсың. Тиктокер болып кетті деп жатыр. Чемпион болған сәтімде 19 жасымда едім. Жас болдық. Оның бәрі өтті. Ағайларымның айтқанын тыңдап, үлкен жетістіктерге жетіп келеміз", – деді Санжар Тәшкенбай.

Айта кетейік, жақында Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай 50 кг дейінгі салмақта топ жарды.