"Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы бір күннің ішінде жұлдызға айналды

"Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы бір күннің ішінде жұлдызға айналды

фото: ашық дереккөзден

"Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы "Спортингке" қарсы ойында (1:4) пенальтиді қайтарып, бірден жанкүйерлердің ықыласына бөленді, ал оның Instagram парақшасына жазылушылар қарқынды түрде көбейді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шерхан Қалмұрзаның Чемпиондар лигасындағы дебюті тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де үлкен оқиға болды. Жас қақпашы Лиссабонның "Спортингімен" өткен ойында пенальтиді сәтті қайтарып, жанкүйерлер арасында үлкен резонанс тудырды.

Қазақстандық жанкүйерлер оның ойынын әлеуметтік желілерде қызу талқылап, Шерханның Instagram парақшасы бірден "жарылды": матч алдында шамамен 12 мың жазылушысы болса, қазірдің өзінде олардың саны 26,8 мыңнан асты.

Бұдан бөлек, Шерхан өз атын турнир тарихына жазды – ол Чемпиондар лигасында дебют жасаған ең жас үшінші қақпашы атанып, "Реалдың" аңызы Икер Касильястың рекордын жаңартты.