фото: olympic.uz
Бокстан, ауыр атлетикадан, байдарка және каноэде есу бойынша әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген өзбек спортшылары мен олардың бапкерлеріне BYD автокөліктері мен бір реттік ақшалай сыйақыларын табыстады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Салтанатты марапаттау рәсіміне Президенттің спорт мәселелері жөніндегі өкілі Одил Абдурахманов, Спорт министрі Адхам Икрамов, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров қатысты. Олар спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Өз кезегінде марапатталған спортшылар мен бапкерлер атынан Руслан Нурудинов, Абдумалик Халоков, Тулкин Киличев, сондай-ақ Жавохир Умматалиевтің әкесі Туробжон Умматалиев Президентке алғыс білдірді. Олар мемлекет тарапынан көрсетілген жоғары қолдау мен қамқорлық үшін ризашылықтарын жеткізді", – деп жазады Olympic.uz.
Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте Қазақстаннан кейін екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, ерлер құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды.
Айта кетейік, боксшыларға 15 000 доллар көлеміндегі сертификаттар табыс етілді. Ал бапкерлерге 7 000 доллардан сыйақы берілді.