фото: olympic.kz. Суретте: Демеу Жадыраев
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ширек финалға шығу үшін өткен белдесуде Демеу Жадыраев сербиялық Алекса Иличпен күш сынасты. Қазақстандық балуан 8:6 есебімен жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, 82 келіге дейінгі салмақтағы Әлмир Төлебаев пен 55 келіге дейінгі Марлан Мұқашев ширек финалға өте алмады.
Төлебаев молдовалық Михаил Брадуға есе жіберсе, Мұқашев Артём Делянудан (Молдова) жеңіліс тапты.